Қазақстанда дауыс беру аяқталды, 20 00 сағаттағы жағдаймен сайлаушылардың 62,96% дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дауыс беру аяқталды, 20 00 сағаттағы жағдаймен сайлаушылардың  62,96%  дауыс берді

Қазақстанда дауыс беру аяқталды, 20 00 сағаттағы жағдаймен сайлаушылардың 62,96% дауыс берді

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 18 тамыз. АСТАНА. Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен ҚР барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беру аяқталды, Астана уақытымен 20 00 сағаттағы жағдаймен сайлау бюллетеньдерін алған 5 млн 584 мың 055 мың сайлаушының 62,96% дауыс берді. Мұндай мәліметті Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы таратты.

  • 19 Тамыз 2007
  • 440
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, ОСК мәліметтерінше, Ақмола облысында тіркелген сайлаушылардың 66,11%-і , Ақтөбе облысында — 62%, Алматы облысында — 86,07%, Атырау облысында — 74,40%, Шығыс Қазақстан облысында — 60,30%, Жамбыл облысында — 72,05%, Батыс Қазақстан облысында — 52,65%, Қарағанды облысында — 66,82%, Қызылорда облысында — 73,66%, Қостанай облысында — 73,17%, Маңғыстау облысында — 43,37%, Павлодар облысында — 53,39%, Солтүстік Қазақстан облысында — 75,03%, Оңтүстік Қазақстан облысында — 72,30%, Астанада — 39,12%, Алматыда — 22,51% дауыс берді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті