Астанада жүк поезының цистернасынан күкірт қышқылы ақты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жүк поезының  цистернасынан күкірт қышқылы ақты

Астанада жүк поезының цистернасынан күкірт қышқылы ақты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 19 тамыз. АСТАНА. Астанада Жезқазған станциясынан "Қазақмыс" Концерні" серіктестігі Қандыағаш станциясына жіберген жүк поезының цистернасынан күкірт қышқылы ақты. Бұл туралы агенттік тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Тамыз 2007
  • 451
Фото - Caravan.kz

60-тонналық цистернадан қышқыл ағып жатқаны жүк поезын Астана темір жол бекетінде тексерген кезде анықталған. Күкірт қышқылы минутына 17 тамшыдан дәнекерленген жапсарды бойлай ағып жатқан.

Қазір цистерна арнаулы бөлімге жеткізіліп, күзетке алынды. «Адамдардың өміріне және қоршаған ортаға қауіп төніп тұрған жоқ», — деп сендіреді министрліктегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті