«Біз өткен сайлау мен 2005-жылғы желтоқсандағы президентті сайлау науқаны арасындағы белгілі бір ұқсастықты байқап отырмыз… Осы жолғы науқанда да, бұрнағы жылы да сайлаушы бірінші кезекте президент үшін дауыс бергенге ұқсайды: 2005 жылы халық оған тұлға ретінде дауыс берсе, кеше — оның партиясы үшін дауыс берді. Сөйтіп оның халық арасындағы танымалдығы екі жағдайда да нәтижеге ықпалын тигізді», — деді байқаушы Дуглас Таунсенд.
Өз кезегінде АҚШ-тың тағы бір байқаушысы — Даниэль Витт «дауыс беру қорытындысы өзін таңдандырғанымен, дағдарушылыққа душар еткен жоқ» деп атап өтті. «Біз сайлау алдындағы кезеңде оппозициялық партиялардың жетекшілерімен кездестік, олар 20% көлемінде дауыстан үміттенген, бірақ мен осындай үлкен көрсеткішке сенім артпаған едім», — деді ол. «2005 жылы халық Назарбаев үшін 91% дауыс берді, ал «Нұр Отан» — оның партиясы, олай болса, осы екі жылда не өзгерді деген сауалды өзімізге қойып отырмыз. Экономиканың қуаты арта түсуде, Қазақстан тек осы өңірде ғана емес, халықаралық деңгейде мойындалған ел, бұған қоса «Нұр Отан» президентті жақтайтын басқа да партиялармен біріге бастады, бұл да партияны күшейте түскені даусыз», — деп санайды АҚШ өкілі.
«Ал оппозиция бұл сайлауға ыдыраңқы күйде келді, бұл да өзіндік ролін атқарды: мұндай жағдайда оппозицияның бірігуі оған 7 проценттік кедергіден өтуге мүмкіндік берер еді», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті