«Бұған дейін де біз алдағы сайлаудың 2007-жылдың мамыр айында жүзеге асырылған конституциялық реформалар үшін шынайы тексеруге айналатынын айтқанбыз. Қазақстан бұл сыннан сүрінбей өтті деп бүгін де айта аламын, бұл демократия жолындағы үлкен қадам», — деді Д. Витт жексенбіде өткен баспасөз мәслихатында.
Дегенмен, ол бұның «алдын-ала берілген баға» екенін атап өтті. «Жалпы жағдай айқындалғанымен, барлық өңірлер бойынша егжей-тегжейлі есеп алғаннан кейін ғана ақырғы тұжырым жасауға болады», — деді Д. Витт. «Сайлаушылардың 80% дауысын жеңіп алатындығына сенімді болған партияға сайлау қорытындысын бұрмалаудың қандай қажеттігі болғанын елестету қиын», — деді ол.
Д. Витт АҚШ байқаушыларының бағасы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының қорытындысымен кей тұстарда сай келмеуі мүмкін екендігін жоққа шығармады. » Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы сайлау процессінің ішкі механизмдеріне баса назар аударады, ал біз болсақ сайлауға тарихи тұрғыдан қараймыз да, Қазақстанда демократиялық институттарды аяғынан тұрғызудың тоқтатылмағанын алға тартамыз», — деді ол.
Д. Виттің пайымдауынша, 2007 -жылғы парламент сайлауы өткен сайлаулардан жоғары деңгейде өтті. «Ең басты артықшылығы — сайлаушы шынайы ақпаратқа қаныққан жағдайда таңдау жасау мүмкіндігіне ие болды және дәл осы жайт күреске әділетті, адал әрі еркін өту сипатына ие болдырды», — деп санайды АҚШ өкілі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті