Алматыда тұрғын үйлердегі өрттерден екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғын үйлердегі өрттерден екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

Алматыда тұрғын үйлердегі өрттерден екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 тамыз. АЛМАТЫ. Алматыда тұрғын үйлердегі өрттерден екі адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы агенттікке Алматы қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Тамыз 2007
  • 424
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, 19 тамыз күні кешке Түріксіб ауданындағы әскери қалашықта екі қабатты, 4 подъезді тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтер өртеніп, тілсіз жау шатырға қарай ойысты. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, барлау және өрт сөндіру жұмыстарының барысында «56 жастағы ер адам мен 54 жастағы әйелдің мәйіттері табылды».

Өрт сөндірушілердің мәліметіне сәйкес, «өрт 100 шаршы метр аумақты шарпыды, 25 адам көшірілді». Өрт 00 сағат 42 минутта сөндірілді». «Өрттің себебін тексерумен Алматы қалалық өртке қарсы күрес департаментінің анықтау бөлімі айналысуда», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 тамыз күні таңертең Жетісу ауданындағы Заря Востока ауылында екі қабатты жай үй өртеніп, жалын 300 шаршы метр аумақты шарпыды. «Өрт салдарынан үйдің 41 жастағы тұрғыны қолынан 2-3 дәрежелі күйікке шалдығып қалалық № 4 клиникалық ауруханаға жатқызылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.