Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Мерке ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 372-ші шақырымында 02 сағат 59 минутта «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «Тойота» маркалы жеңіл көлікпен соғысты. «Жолдағы апат салдарынан көліктер өртенді. Екі көлік те өрт салдарынан толық жанып кеткен, олардан 4 адамның мәйіттері табылды, олардың аты-жөндері анықталған жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Мекеме ақпаратына сәйкес, өртті сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
Сонымен бірге сол күні Алматы-Ташкент тас жолының 526-шы шақырымында 51 жастағы «Фольксваген» жүргізушісі «Мерседес» көлігімен соғысты. «Жол апаты салдарынан «Мерседес» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, «Фольксваген» жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.