Астанада президенттің қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада президенттің қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы ашылды

Астанада президенттің қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы ашылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20-тамыз. Астана. Астанада бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясының он үшінші сессиясы басталды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісі.

  • 20 Тамыз 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz



Сессияның күн тәртібінде ассамблеядан Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттарын сайлау, сондай-ақ, ассамблеяның жаңа конституциялық мәртебедегі бірінші кезекті және перспективалы мақсаттарын талқылау жоспарланған. Ел Конституциясына енгізілген түзетулерге сәйкес, ассамблея мәжілістің 9 депутатын сайлайды.

Осыдан екі апта бұрын, 6-тамызда, Қазақстан халқы ассамблеясының кеңесінің отырысында ассамблея төрағасының орынбасары Жұматай Әлиевтің ұсынысымен мынадай адамдар кандидаттыққа ұсынылды: Мұрат Ахмадиев (ұйғыр), Валерий Виниченко (украин), Егор Капель (неміс), Раиса Полищук (орыс), Леонид Питаленко (белорус), Кайрат Садвакасов (қазақ), Рузакул Калмуратов (өзбек), Людмила Хачиева (болгар), Виктор Цой (кәріс).

Қазақстан халқы ассамблеясы республика президентінің жарлығына сәйкес президенттің жанындағы ақыл-кеңестік орган ретінде 1995-жылдың 1-наурызында құрылған.

Ассамблеяның іс-қызметі елімізде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға септігін тигізуге; республика аумағында тұратын әр ұлт өкілдерінің арасындағы достық байланыстарды дамытуға, олардың рухани-мәдени жаңғыруы мен теңдік принципін сақтау негізінде дамуына түрткі болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөніндегі ұсыныстар дайындауға; жүргізіліп отырған ұлттық саясатта түрлі ұлттық мүдделердің ескерілуін қамтамасыз етуге септігін тигізуге бағытталады.

Ассамблея құрамы мемлекеттік мекемелер, ұлттық-мәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралады. Қазіргі таңда ассамблея құрамында 350 мүше бар.