Әзербайжан 2008 жылдың қаңтарынан бастап ресми тұлғаларды тіркеудің жаңа жүйесіне көшеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан 2008 жылдың қаңтарынан бастап ресми тұлғаларды тіркеудің жаңа жүйесіне көшеді

Әзербайжан 2008 жылдың қаңтарынан бастап ресми тұлғаларды тіркеудің жаңа жүйесіне көшеді

Баку. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан келер жылдың 1-қаңтарынан бастап ресми тұлғаларды "бір терезе" қағидасы бойынша тіркеуге көшеді. Бұл туралы дүйсенбі күні "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Әзербайжан Республикасының салық министрі Фазиль Мәмедов хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 311
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, дүниежүзінде бұл жүйенің баламасы жоқ және ол әзербайжандық кәсіпкерлерге өз бизнесін 3 күннің ішінде тіркетуге мүмкіндік береді.

«Салық министрлігі Экономикалық даму министрлігімен бірлесе отырып, көптеген елдердің осы саладағы тәжірибелерін зерттеді. Алайда, біз Әзербайжанға енгізейік деп отырған механизм қазіргі күні көптеген елдерде қолданылып отырған жүйемен салыстырғанда әлдеқайда жақсы жетілдірілген», — деді Ф. Мәмедов.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің 2007 жылдың 25-қазанындағы қаулысына сәйкес Әзербайжан Республикасының Салық министрлігі кәсіпкерлік қызмет субъектілерін «бір терезе» қағидасы бойынша тіркейтін жалғыз мемлекеттік орган болып танылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті