Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат 10 желтоқсанда 10 сағат 40 минутта Алматының Түріксіб ауданында болды. «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі «Мерседес» көлігімен соқтығысты. «Мерседес» жүргізушісі жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты. «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ, «Мерседестің» жолаушылары түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті