Парламент Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Германияның әскери мүлкі мен қызметкерлерінің транзиті туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Германияның әскери мүлкі мен қызметкерлерінің транзиті туралы келісімді бекітті

Парламент Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Германияның әскери мүлкі мен қызметкерлерінің транзиті туралы келісімді бекітті

Астана. 11-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Германия Федеративтік Республикасының әскери күшінің Ауғанстан Ислам Республикасын тұрақтандыру және қалпына келтіруге қатысты ахуалға қатысуына байланысты Қазақстан Республикасының үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы әскери мүліктер мен қызметкерлердің транзиті туралы Келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 449
Фото - Caravan.kz

Келісімнің мақсаты Қазақстанның Ауғанстандағы тұрақтылықты қалпына келтіруге қатысты халықаралық күштерге көмек көрсетудегі рөлін нығайту болып табылады. Келісім Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Германия Федеративтік Республикасының әскери мүліктері мен қызметкерлерінің транзитін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

Қазақстан аумағы арқылы әскери мүліктер мен қызметкерлердің транзиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген келісім негізінде теміржол және әуе көліктері арқылы жүзеге асырылатын болады.

Келісімге Берлинде 2007 жылдың 1-ақпанында қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті