Парламент Қазақстан мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент Қазақстан мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітті

Парламент Қазақстан мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекітті

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасы үкіметі мен Финляндия үкіметі арасында өзара инвестицияларды қорғау және ынталандыру жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 366
Фото - Caravan.kz

Келісім инвестициялық ахуалды жақсартуға және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Келісімнің 9 бабында айқындалғанындай, «инвестор бір жақтың мемлекеттік инвесторы мен екінші жақтың мемлекеттік органдары арасындағы соңғысының міндеттемелеріне қатысты дауды, инвестияциялар жөніндегі келісімге сәйкес, халықаралық арбитраждық инстанциялардың қарауына ұсына алады» — делінген мәжіліс комитетінің отырысында.

Келісімге 2007 жылдың 9 қаңтарында Астанада қол қойылған.

Заң президенттің қол қоюына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті