«Еурокомиссия бұл қаржыны «секторлық саясаттағы әлеуметтік қорғауды қолдап, 2004-2009 жылдары мемлекеттік қаржыны басқару» бағдарламасы аясында көмек ретінде ұсынып отыр. Сондай-ақ, қаржыны әлеуметтік жәрдемақы жүйесін жетілдіру, балалардың денсаулығын сақтау, мемлекеттік бюджетті басқаруды жақсартуға, қысқа мерзімді мемлекеттік кепілдік бағдарламасын іске асыруға пайдалану жоспарланған», -деп хабарлайды өкілдіктегілер.
Өкілдіктің мәлімдегеніндей, 9 млн еуроның 8,5 млн бюджетті қолдауға жұмсалса, 500 мыңы-техникалық көмекке бөлінеді. Бұл Еурокомиссия мен Қырғызстан Республикасының үкіметі арасында қол қойылған қаржылық келісімде қарастырылған. Мемлекеттік бюджет бойынша грант 2008 жылы 4,5 және 4 млн еуро болып екіге бөлініп беріледі.
Секторлық саясатты қолдау жөніндегі бағдарлама Қырғызстанның азық-түлік қауіпсіздігін қолдау шаралары аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлады Еурокомиссияның өкілдігі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті