Қазақстан сенаторлары ЮНИСЕФ- тің наградаларын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан сенаторлары  ЮНИСЕФ- тің наградаларын алды

Қазақстан сенаторлары ЮНИСЕФ- тің наградаларын алды

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламент сенатының бірі топ депутаты ЮНИСЕФ-БҰҰ балалар қорының естелік медальдерімен наградталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 409
Фото - Caravan.kz

Бүгін сенаттың пленарлық отырысында, Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілі Александр Зуев депутаттарға наградаларын табыс етті. Ол атап өткеніндей, ЮНИСЕФ жоғарғы наградасы 1996 жылы Қазақстанның бірінші ханымы -Сара Назарбаеваға берілген болатын.

«Өздеріңіздің заңнамалық шығармашылық қызметіңізбен позитивтік өзгерістер арқылы балалардың құқығы, аналар мен балалық шақ және тағы да бірқатар мәселелерді қамтитын заңдарды қабылдау арқылы сіздер үлкен роль атқардыңыз», — деп мәлімдеді А. Зуев.

ЮНИСЕФ марапатына сенаттың вице-спикері Мұхамбет Көпеев, Нұрлығайым Жолдасбаева, Мүсірәлі Өтебаев, Светлана Жалмағамбетова, Қуаныш Сұлтанов, Бексұлтан Тұтқышев ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті