Кезекші бөлім қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы шақыру «01» пультіне 14 сағат 24 минутта түскен. «Алдымен азық-түлік өнімдері салынған қағаз қобдишалар жанып, жалын одан әрі таралған. Қазіргі жағдаймен егжей-тегжейлі ақпарат жоқ, өйткені, барлық қызметкерлер өрт шыққан жерде жүр», — дейді кезекші бөлімдегілер.
«Өртке үшінші дәреже берілді- бұл аса күрделі өрт деген сөз. Оны ауыздықтауға Семейдің өртке қарсы күрес қызметінің барлық бөлімшелері шоғырландырылды. Оқиға орнында 15 техника жұмыс істеп жатыр», -деп түсіндірді кезекші бөлімдегілер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті