Шымкентте пара алған деген күдікпен облыстық жер комитетінің қызметкері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте пара алған деген күдікпен облыстық жер комитетінің қызметкері ұсталды

Шымкентте пара алған деген күдікпен облыстық жер комитетінің қызметкері ұсталды

Шымкент. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясының қызметкерлері облыстық жер комитетінің бас маманын пара алды деген күдікпен ұстады. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісі Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 411
Фото - Caravan.kz

«Облыстық жер комитетінің бас маманы кәсіпкер әйелден талап еткен 20 мың теңге пара алған кезінде құрықталды «, — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бас маман осы ақша үшін жерді пайдалану тәртібін тексеру кезінде анықталатын заң бұзушылықтарды тіркемейтіндігі жөнінде уәде берген.

Пара алу бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті