«Премьер-министрдің тапсырмасымен қуат көздерін сақтау мәселесі бойынша жұмыс тобы құрылып, олардың ұсыныстары ескеріле отырып, біз қуат көздерін сақтаудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын дайындадық «, — деді Д. Тұрғанов.
Бағдарлама тұжырымдамасы екі кезеңнен тұрады. Оның бірінші кезеңі «2008-2009 жылдарды қамтып, қуат көздерін сақтау жұмыстарына қатысты нормативтік -құқықтық негізін анықтаудың қысқа мерзімді шаралары қарастырылған, сондай-ақ, оларды дайындау мерзімдері белгіленіп, министрліктер мен ведомстволардың жауапты орындаушылары анықталады».
«екінші кезеңде, 2010-2015 жылдары қуат көздерін сақтаудың іс жүзіндегі кешенді шараларын қарастыру жоспарланған», — деді Д. Тұрғанов.
Бұл бағдарламаны дайындау барысында, «тұрғын-коммуналдық шаруашылық және экономика салаларының отын-энергетикасын тұтынуы алдын -ала зерттеліп, халықаралық тәжірибемен танысу керек».
Вице-министр атап өткеніндей, 2008 жылы «Қуат көздерін сақтау туралы» заң жобасы дайындалып, 2009 жылы жаңа редакциядағы заңның қабылдануы жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті