Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Байқоңыр. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Байқоңырда "Глонасс-М" жер серіктерін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі ғарыш айлағындағы ақпарат көзіне сілтеме жасап.

  • 11 Желтоқсан 2007
  • 416
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, «№92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында Решетнев атындағы қолданбалы механикалық ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары үш бірдей «Глонасс-М» ғарыштық аппараттарының блоктарын құрастыруда. Сонымен бірге ДМ үдеткіш блогы «Глонасс-М» жер серіктері блогымен түйістіруге дайын.

Сонымен біруақытта «Глонасс-М» жер серіктерін ұшыру үшін «Протон-М» зымыран тасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда.

«Протон-М» зымыран тасығышының көмегімен «Глонасс-М» үш жер серігін ұшыру ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Астана уақытымен 1 сағат 32 минутқа межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті