«Холдинг мемлекет мүддесін қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы жұмысына кірісіп кетті»,- деп мәлім етті Асқарбек Қуанышбаев.
Атап айтқанда, оның айтуныша, «қазіргі уақытта холдинг басқаруымен «Екібастұз ГРЭС-2» акциясы қайтарылып, «Қазмырыш» акционерлік қоғамымен Бұқтарма ГЭС концессиялық келісім шартына қатысты қажетті өзара түсіністіктерге қол жеткізілген, сондай-ақ қолданыстағы концессиялық келісім шартына сәйкес өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр».
«Өскемен және Шүлбі СЭС концессиялық келісім шартына тоқталатын болсақ, холдинг осы мәселе бойынша мемлекет мүддесін қалпына келтіру мүмкіндіктерін қарастыруда»,- деді Асқарбек Қуанышбаев. «2008 жылы холдинг заң компаниясымен бірлесе отырып, аталмыш концессиялық келісім шарт ревизиясына қатысты жұмыстарды жалғастыруы мүмкін»,- деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті