ТЖМ ақпаратына сәйкес, өрт 11 желтоқсанда 16 сағат 38 минутта шоғырландырылып, 12 желтоқсанда 02 сағат 28 минутта толық сөндірілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Ақсұңқар» базарындағы өрт 11 желтоқсанда сағат үште шыққан. Алдын-ала жорамалға сәйкес, өрттің шығуына сымдағы қысқа тұйықталу себеп болған. Өрт аумағы 350 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруді өрт сөндіру гидранттарының алыстығы мен жолдардың жабықтығы қиындатып жіберді.
Өртке үшінші дәреже берілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 139 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды.7 адам мен 2 техника қарауылда. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті