Мәжіліс құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны бекітуді қолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны бекітуді қолдады

Мәжіліс құлдықпен күрес жөніндегі конвенцияны бекітуді қолдады

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "1926 жылдың 25-ші қыркүйегіндегі Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылдың 7 желтоқсанындағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 1956 жылдың 7 қыркүйегіндегі Құлдықты, құл саудасы мен құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою туралы қосымша конвенцияны бекіту туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Конвенцияларды бекітуге ұсынылған ережелерде адам саудасының алдын алу және оның жолын кесу, құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлерді жою қарастырылған», — делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Қосымша конвенцияның 1-ші бабына сәйкес, бұл конвенцияға қатысушы әрбір мемлекет құлдыққа ұқсас институттар мен салт-дәстүрлер бар жерлерде оларды біртіндеп және қысқа мерзімде біржола жоюға қолдан келетін және барлық қажетті заңнамалық және басқа да шараларды қолдануға тиіс», — делінген қорытындыда.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті