Қалиевтің айтуынша, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішімдікке қарсы күресті күшейту жөнінде тапсырмасын орындау үшін үкімет нарыққа мемлекеттің монополиясын енгізу мәселесін қарастыруда. «Бұл кәсіпорындар қызметін реттеудің нарықтық механизмдеріне қайшы» -деді А. Қалиев.
«Біз Қазақстанда ішімдік өнімдерінің айналымы мен өндірісін мемлекеттік қадағалаудың жаңа заңын дайындауын ұсынамыз. Бұл заң көлеңкелі нарыққа тосқауыл қойып, заңды жолмен жұмыс жасайтын кәсіпорындарға көмек болады», — деп атап өтті «ҚазАлко» вице-президенті.
Оның пікірінше, ішімдік өндірісі нарығындағы қатысушылар қатарын мейлінше азайтып, лицензия беру талаптарын күшейту керек.
«Ішімдік өнімдері мен этил спиртін өндіру үшін берілетін лицензия төлемін 10 мың есеп көрсеткішіне дейін көбейту керек. Бұл шамамен 10 млн теңгені құрайды. Мұндай талаптар импорттаушыларға да қойылу керек. Ал сатушылар үшін белгіленетін төлем көлемі төмендеу болу керек», — деді А. Қалиев.
Компания вице-президенті ішімдік өнімдер өндірушілеріне, импорттаушыларға, сауда жасайтындарға минималдық жарғылық қор құрудың қажеттілігін атап өтті.
«Біз жылдың ең төменгі мөлшерімен акциз төлемін белгілеуді ұсынамыз. Банктер жүйесінің үлгісі бойынша, екі тоқсандық акциз төлемдерінің көлемінде сақтандыру депозитін құру керек», — деп ұсынды ол.
Сонымен қатар, бақылауды күшейту үшін көтерме сауда базарларында ішімдік өнімдерін сатуға тыйым салу керек. Өйткені, көлеңкелі өнімдердің басым көпшілігі, сауда базарларында сатылады. Сондай-ақ, ішімдік өнімдерін кәмелеттік жасқа толмағандарға сатқаны үшін жауапкершілікті күшейту жөнінде ұсыныс жасалды.
«Бүгінде ішімдік өнімдеріне лицензия беру, оның өндірісі мен импорты сияқты мәселелер қаржы министрлігінің салық комитетінің бақылауында болса, сауда көтерме базарларындағы сауда жергілікті органдардың құзырында. Алайда, олардың тарапынан нақты сауда бақылауы жүргізілмейді. Сондықтан біздер аумақтық бөлімшелері бар, бірыңғай мемлекеттік құзырлы органды құруды ұсынамыз», — деп түсіндірді А. Қалиев.
«Құзырлы мемлекеттік органның бизнес қоғамдастығымен бірлесе отырып, бұл саладағы жұмыстың сапасын көтеріп, мемлекеттік бюджетке түсетін салықты ұлғайтуға және ішімдік нарығының мейлінше ақталуына септігін тигізеді», -деп ойын қорытындылады А. Қалиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті