Мемлекет басшысы Қазақстанның бірінші электролиз зауытының ашылуына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қазақстанның бірінші электролиз зауытының ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы Қазақстанның бірінші электролиз зауытының ашылуына қатысты

Павлодар. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның бірінші электролиз зауытының ашылуына қатысты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 420
Фото - Caravan.kz

Мемлекет басшысы басқару пультінің түймесін басқаннан кейін өндіріс іске қосылды. «2005 жылдың 10 тамызында сіз бен біз өндірістің іргетасын қаласақ, бүгін міне, сіздерді тікелей құттықтау үшін өзім келіп отырмын», — деді ұжымның алдын сөз сөйлеген Н. Назарбаев.

«Бүгін ткек сіздердің ғана емес, барша қазақстандықтардың мерекесі. Сіздер үлкен ерлік жасадыңыздар», — деді ол.

Президент соңғы рет елімізде осындай ауқымдағы кәсіпорынның 20 жыл бұрын салынғанын атап өтті. «Павлодарда, қала берді тіпті Қазақстанда мұндай кәсіпорын болған жоқ», — деді Н. Назарбаев.

«Мен 30 корпоративтік көшбасшы туралы айтқанда, дәл осындай кәсіпорын туралы айтқан едім», — деді президент. Сонымен бірге Н. Назарбаев «алюминийге қашан да сұраныс бар және оның бағасы өсе түседі»,- деді.

«Бізде глинозем бар, электр қуаты бар, енді міне, алюминий пайда болды», -деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті