Үкімет 2008 жылы инфляцияны белгіленген шамада ұстап тұра аламыз деп тағы да сендіруде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет 2008 жылы инфляцияны белгіленген шамада ұстап тұра аламыз деп тағы да сендіруде

Үкімет 2008 жылы инфляцияны белгіленген шамада ұстап тұра аламыз деп тағы да сендіруде

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет 2008 жылы инфляцияны белгіленген шамада ұстап тұра аламыз деп тағы да сендіруде. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының отырысы барысында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 381
Фото - Caravan.kz

«2008 жылы үкімет инфляцияны қажетті шамада ұстап тұруға басымдық береді», -деді Кәрім Мәсімов.

«2008 жылға арналған макроэкономикалық саясат бойынша біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз бірінші кезекте инфляцияны ауыздықтауға саяды. 2008 жылғы біздің мақсат — инфляцияны бір орынды саннан асырмау. Біздің — Ұлттық банк пен үкіметтің — саясатымыз инфляцияны нысанаға алу. Инфляцияның санына қарап біз басқа барлық параметрлерді есептейтін боламыз», — деді премьер.

«Біз инфляцияны ұстап тұруды назар төріне алатын боламыз. Өйткені бұл аса маңызды мәселе. Тіптен экономикалық өсім қарқынына әсер еткен жағдайда да», -деді ол.

Осы орайда ол Ұлттық банк пен үкіметте «монетарлық және ақша-қарыз саясатына қатысты аса айқын жоспар бар, оған біз бұлжытпай бағынатын боламыз»,- деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті