Үкімет инфляцияның импортталу қаупіне алаңдайды - вице-премьер - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Үкімет инфляцияның импортталу қаупіне алаңдайды - вице-премьер

Үкімет инфляцияның импортталу қаупіне алаңдайды - вице-премьер

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет инфляцияның импортталу қаупінің мүмкіндігіне алаңдайды. Бұл туралы бүгін "Нұр Отан" партиясының парламенттік фракциясының отырысында Қазақстан вице-премьері Өмірзақ Шүкеев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Желтоқсан 2007
  • 450
Фото - Caravan.kz

«Біз инфляцияның Еуропа мен ТМД нарығынан импортталуы мүмкіндігіне алаңдаулымыз, ал оларда өнімдердің бағасы өсе түсуде, сол себепті біз болуы мүмкін қауіп-қатерлерге дайындалып жатырмыз», — деді Ө. Шүкеев.

Оның айтуынша, үкіметте тиісті жұмыс тобы құрылды. «Мүмкін кейбір ресурстарды басқаша бағытқа жіберуге тура келетін шығармыз», -деді ол.

«Бірақ біз осынау қаржы нарығындағы аздаған тұрақсыздану ахуалынан дұрыс өтіп, еліміздің қаржылық нарығы үшін ең аз шығынмен шығамыз деп ойлаймын», — деді Ө. Шүкеев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті