«Біздің есебіміз бойынша, 2007 жылы Жалпы ішкі өнім өсімі 9% кем болмайды. Жан басына шаққанда ЖІӨ біздің жасаған есеп-қисабымыз бойынша, $7 мың құрайды, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 1.3 есеге артық», — деді ол сәрсенбіде өткен Қазақстан Республикасының үкіметі мен Еуропалық комиссиясының екінші экономикалық форумында.
«Болжам бойынша, жыл аяғына дейін өндірістік өнімдер өсімі 4% деңгейге жетсе, ауыл шаруашылық өнімдері 7% көтерілуі ықтимал», — деді жауапты хатшы. Сонымен қатар, ол 2007 жылы жұмыссыздар деңгейінің 7,5% төмендеуі күтілуде, деп атап өтті ол.
Оның мәліметтері бойынша, биылғы жылы байланыс қызмет көрсетудің өсімі — 30%, сауда- 10% көтеріледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті