«Мен бүгін Қазақстан электролиз зауытының ашылуына қатыстым, мұндай зауыт ешқашан болмаған, ал қазір біз тағы бір жаңа зауытты ашып отырмыз»,- деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
Президент мұнайгаз саласына арналған жапсарсыз құбырлар жасайтын жаңа зауытты дүниежүзілік құбыр өнеркәсібінде теңдесі жоқ бірегей кәсіпорын деп атады. Бұрын хабарлағанымыздай, құбыр жасау зауытының құрылысына 20 мемлекеттегі серіктестер 800 млн АҚШ долларын жұмсаған, оның жобалық қуаттылығы — жылына 270 мың құбыр шығарады. Кәсіпорынның жалпы алаңы 107 мың шаршы метрді құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті