Қазақстан үкіметі 2008 жылға арналған республикалық бюджетті жүзеге асыру туралы қаулы қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үкіметі 2008 жылға арналған республикалық бюджетті жүзеге асыру туралы қаулы қабылдады

Қазақстан үкіметі 2008 жылға арналған республикалық бюджетті жүзеге асыру туралы қаулы қабылдады

Астана. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі 2008 жылға арналған республикалық бюджетті жүзеге асыру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 380
Фото - Caravan.kz

«2008 жылға арналған республикалық бюджетті жүзеге асыру туралы қаулыда барлық көрпсеткіштер бюджеттік бағдарламалардың деңгейінде бекітілді»,- деді үкіметтің отырысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, сонымен бірге, бұл қаулымен «резервтер де таратылады». «260 млрд теңге былай бөлінді: 3 млрд теңге -табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған резерв, кезек күттірмес шығындар — 256 млрд теңге, 450 млн теңге -сот шешімдері бойынша міндеттемелерді атқаруға арналған резерв және 600 млн теңге — жергілікті бюджеттердегі қолма-қол ақшаның тапшылығын жабуға арналған резерв».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті