Тоқаев Литва Сеймінің сыртқы істер комитетінің басшысымен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тоқаев Литва Сеймінің сыртқы істер комитетінің басшысымен кездесті

Тоқаев Литва Сеймінің сыртқы істер комитетінің басшысымен кездесті

Астана. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы парламенті сенатының төрағасы Қасымжомарт Тоқаев Литва Республикасының Сеймінің (парламентінің) сыртқы істер комитетінің басшысы Юстинас Каросасты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 494
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, «кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Литва арасындағы екі жақты қатынастардың әрі қарай тереңдеу мүмкіншіліктері туралы ой бөліскен».

Қасымжомарт Тоқаев «Литвамен екі жақты қатынастарды «үштік» — ЕҚЫҰ және Еуроодақ желісі бойынша қарастырып отырған Қазақстанға Литва парламенті депутаттарының осы жолғы сапарының маңыздылығын» атап көрсетті.

Сейм депутаты өз кезегінде Қазақстанда іске асырылған экономикалық жетістіктер мен саяси реформаларды жоғары бағалады.

Юстинас Каросастың айтуынша, «парламентаралық байланыстардың белсенділігін арттыру, Қазақстан мен Литва елдерінің ынтымақтастық тобының өзара іс-қимылдарын кеңейту тек екі елдің жоғарғы өкілетті органдарының заң шығару ісіндегі тәжірибе алмасу немесе оны жетілдіру ғана емес, сондай-ақ, екі жақты өзара іс-қимылдардың барлық бағыттары бойынша серіктестікті тереңдету болып табылады», — деп хабарлады сенаттың баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті