Қазақстанда дүниежүзіндегі ең озық зауыт салынды - "NFC" басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда дүниежүзіндегі ең озық зауыт салынды - "NFC" басшысы

Қазақстанда дүниежүзіндегі ең озық зауыт салынды - "NFC" басшысы

Павлодар. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда дүниежүзіндегі ең озық зауыт салынды. Бұл туралы сәрсенбі күні "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында алғашқы Қазақстан электролиз зауыты құрылысының бас мердігері болып табылатын "NFC" халықаралық қытай құрылыс компаниясының басқарма төрағасы Лу Тао мәлімдеді.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 986
Фото - Caravan.kz

«Павлодардағы алдыңғы қатарлы металлургиялық алыптың іске қосылуы Қазақстандағы алюминий өндірмеу тарихын аяқтайды және қазақстандық «қанатты металдың» жаңа бетін ашты», — деп санайды Лу Тао.

«Біздің компаниямыз бас мердігер ретінде қазақстандық әріптестермен бірлесе отырып қысқа уақыт аралығында зор табысқа қол жеткізді. Бұл бірлескен жұмысқа біз өнеркәсіп өндіру бойынша дүниежүзіндегі ең озық деген технологияларды пайдаландық», — деп сөзін жалғастырды ол.

«Біз Қазақстанның осы жоғары мақсатқа қол жеткізгеніне қуаныштымыз және біз бірлесе отырып тұтас мемлекеттің жеңісін бөлісіп отырмыз», — деп атап көрсетті Лу Тао.

Зауыт рекордтық мерзімде — бар болғаны 27 ай ішінде салынған. Құрылыс компаниясының басқарма төрағасының айтуынша, «құрылыс жылдамдығын құрылыстың жоғарғы сапа деңгейімен бірлестірудің сәті түскен».

Естеріңізге сала кетсек, сәрсенбі күні Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан электролиз зауытының бірінші кезегі іске қосылды.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ құрылысы 2003 жылы басталған. Жаңа кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 250 мың тонна алюминий құймасын құрайды. Зауыт кезек-кезегімен әрқайсысы 125 мың тонна алюминий және оны қоймалжың және құйма күйінде шығаратын болады.

Зауыттың екінші кезегін алдағы үш жыл көлемінде салу жоспарланған. Толық жобалық қуатына 2010 жылы көшу көзделіп отыр (жылына 250 мың тонна алюминий). Зауыт өзіндік қуатына келген кезде мұнда 1500-ден астам адам жұмыспен қамтылмақ.

Қытайдың «NFC» компаниясы дүниежүзіндегі ең ірі 25 инженерлік-құрылыс компанияларының қатарына кіреді. Қазақстан электролиз зауытының бас мердігерінің табысты металлургиялық жобаларының қатарында әлемнің барлық дерлік ірі және дамушы елдердегі мыс, қорғасын, мырыш және алюминий өндіретін зауыттар бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті