Әзербайжан мен Италия газ саласында ынтымақтасу туралы хаттамаға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әзербайжан мен Италия газ саласында ынтымақтасу туралы хаттамаға қол қойды

Әзербайжан мен Италия газ саласында ынтымақтасу туралы хаттамаға қол қойды

Баку. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан мен Италияның экономикалық даму министрлері Гейдар Бабаев пен Пьерлуиджи Берсани сәрсенбі күні Баку қаласында газ жеткізілімі саласында ынтымақтасу туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Хаттама Италияға 2012 жылдан бастап жылына 8 млрд кубметр көлеміндегі Әзрбайжан газын Түркия-Греция-Италия дәлізі бойынша жеткізуді қарастырады», деді Пьерлуиджи Берсани.

«Италия Әзербайжан мен Еуропа арасындағы көпір болуды қалайды. Әзербайжан мемлекетімен ынтымақтасу газдың Италияға экспортталу мүмкіндігін кеңейтеді. Біз Әзербайжанның Еуропаға жіберетін газы Италия арқылы өтетініне қуаныштымыз», — деп атап көрсетті ол.

Гейдар Бабаев өз кезегінде бұл хаттамаға қол қоюдың маңызды екендігін атап көрсете келіп, осы секілді құжатты Әзербайжан биыл жазда Грециямен де қол қойғанын еске салды.

Италия, Греция және Түркия үстіміздегі жылдың 26-шілдесінде Каспий бассейні және Таяу Шығыс аймағынан Еуропаға газ тасымалдау үшін жаңа газ құбырын салу туралы келісімге қол қойған. Газ құбырының құрылысына итальяндық Edison корпорациясы, гректің Depa және Desfa компаниялары және Түркияның Botas компаниясы қатысады.

Газ құбырының маршруты түріктің Карачабей қаласында басталады. Одан әрі қарай құбыр гректің Комотини қаласына дейін созылады. Ал одан соң газ бір тармағы Афиныға кеткен салынып қойған Неа Месимврияға (Греция) дейін жетеді. Грек жерінде Грецияның батысындағы Ставролименас портына дейін 305 шақырым газ құбыры салынады және газ құбырының соңғы салынатын ұзындығы 212 шақырымдық бөлігі Адриат теңізінің түбімен Италияның оңтүстік-шығысындағы Отранто портына дейін созылмақ.

Газ құбырының жұмысы 2012 жылға таман басталады күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті