Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты төрт күн демалады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты төрт күн демалады

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты төрт күн демалады

Астана. 13-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Республикамыздың тәуелсіздігіне 16 жыл толу мерейтойын мерекелеуге байланысты үстіміздегі жылы қазақстандықтар төрт күн демалады деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 850
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның тәуелсіздік күні жалғыз ұлттық мереке болып табылады. Қазақстан заңнамаларына сәйкес Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан болып жарияланған, және де бұл мереке екі күн, яғни 16 және 17 желтоқсанда тойланады.

«Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады. Сондықтан да, үстіміздегі жылы қазақстандықтар 16, 17 және 18 желтоқсанда демалатын болады.

Сонымен қатар, жуықта аталып өтетін Құрбан айт мерекесінің бірінші күні — 20 желтоқсан да демалыс күні.

Сөйтіп, биыл желтоқсанның 17 мен 23 аралығында 19 және 21-ші желтоқсан ғана жұмыс күндері болмақ.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005 жылдың желтоқсан айында «ҚР Еңбек туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, Құрбан айт пен православиелік Рождество мерекелерінің бірінші күндері демалыс күндері деп танылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті