Еуразиялық банкирлер клубы құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық банкирлер клубы құрылды

Еуразиялық банкирлер клубы құрылды

Алматы. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда сәрсенбіде Еуразиялық банкирлер клубының (ЕБК) құрылтайшылар отырысы болды, деп хабаралайды агенттік, ЕБК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

«Бұл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеяларын іске асыру жолындағы маңызды оқиға. Алғаш рет бұл идея 2007 жылдың 10 маусым айында Санкт-Петерборда өткен экономикалық форумында айтылып, ТМД мемлекеттерінің банктер қауымдастықтарының қолдауын тапты», — деп жазылған баспасөз хатында.

Алдыға қойылған мінддеттерді ескере отырып, талқылау барысында жиналысқа қатысушылар, ЕБК құрылтайшылардың құжаттарын қабылдап, клубтың 2008 жылға арналған жұмыстарын жоспарлады.

ЕБК ақпараты бойынша, клубтың қызметін толық жандандыру үшін, басқару органдары құрылды. Еуразиялық банктер клубының басшылығына Қазкоммерцбанк директорлар кеңесі төрағасының орынбасары Дәулет Сембаев сайланды. Ал клубтың құрылтайшылары Қазкоммерцбанк, «ТұранӘлем» банкі, «ЦентрКредит», «АльянсБанк», Қазақстанның қаржы қауымдастығы, Ресейдік банктер қауымдастығы және ТМД қаржы-банк тобы болды.

«Ал қамқоршылық кеңесінің құрамына «ТұранӘлем»банкінің басқарма төрағасы Роман Солодченко, «Альянс Банк» директорлар кеңесінің төрағасы Марғұлан Сейсембаев, Қазақстан экономикасының мониторингі және зерттеу жөніндегі орталығының директоры Арыстан Есентүгелов, Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Медет Сартбаев, РФ Центрбанк төрағасының орынбасары Константин Корищенко және Ресей банктері қауымдастығының төрағасы Гарегин Тосунян» кірді,- делінген хатта.

Клубтың штаб-пәтері Алматыда орналасады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жиналысқа қатысушылар өздерінің басты мақсаты ретінде, ТМД жүріп жатқан ықпалдастық процестеріне болысудың қажеттігін алға тартты. Достастық елдерінде қаржы жүйесінде банк секторының аса дамығандығын ескере отырып, қатысушылар бірінші кезеңде банкирлер клубын құрып, кейін оны қаржыгерлер клубы аясына дейін кеңейтудің қажеттігін атап өтті.

«ЕБК мүшелері болашақта бірігіп, достастық мемлекеттер басшыларымен қойылған міндеттердің орындалуына септігін тигізеді. Яғни, олар қаржылық және банк құрылымдарының ынтымақтық процестерін жылдамдатып, қаржылық заңдарын жақсартып, қаржы-валюталық қатынастарын жетілдіру мақсатында, мемлекеттік органдар мен достастық құрылымдардың тиісті шешім шығару процестеріне қатысады», — деп түсіндірді ЕБК.

Еуразиялық банкирлер клубының мүддесі және мемлекетаралық деңгейде жасалатын тұсау кесеріне орай, ЕБК құрылтайшылары ТМД басшыларының атына және ТМД атқарушы комитетінің төрағасына, ЕврАзЭС бас хатшысына ұжымдық үндеу жолдау жөнінде шешім қабылдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті