Шымкентте құқық қорғау органдары жоспарланған тәртіппен жұмыс істеуде, алаңдауға негіз жоқ - ОҚО ІІД - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте құқық қорғау органдары жоспарланған тәртіппен жұмыс істеуде, алаңдауға негіз жоқ - ОҚО ІІД

Шымкентте құқық қорғау органдары жоспарланған тәртіппен жұмыс істеуде, алаңдауға негіз жоқ - ОҚО ІІД

Шымкент. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте және Оңтүстік Қазақстан облысында жағдай тұрақты және жаппай болатын толқулар туралы қауесетке себеп жоқ. Бұл туралы бүгін брифингте, ОҚО ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 446
Фото - Caravan.kz

Журналистердің сауалдарына жауап берген баспасөз хатшысының айтуынша, мереке күндерінде полиция қатары ұлғайтылмайды және қалаға арнайы техниканы кіргізу жоспарланбаған. «Мереке күндері біз қызметімізді күшейтілген режимде жүргіземіз «, — деп түсіндірді С. Қаракөзова.

Сонымен қатар, баспасөз хатшысы айтқанындай, соңғы аптада Шымкентте қоғамдық толқулар болатыны туралы қауесет таралғанымен, құқық қорғау органдарының мереке күндерінде қалада ондай жағдайдың туындауы мүмкін деуге негіз жоқ.

ОҚО ІІД бастығы Хибратулла Досқалиевтың жоғары оқу орындарының ректорларына жазған хатында, интернет сайттардың бірінде жаппай толқуларға қатысуға шақырған ұрандарына байланысты, студеттермен арнайы жұмыстарды жүргізу туралы мәселе көтерілген.

«Осыған ұқсас идеологиялық алдын — ала ескерту жұмыстары ұдайы жүргізілуде. Ал егер жоғары оқу орындарының басшылары, мектеп директорлары, сіздер айтқанындай, студеттер мен оқушылардан мереке күндерінде ешқайда бармайтыны жөнінде тілхатын алып жүрсе, онда бұл олардың бастамасы. Барлық сұрақтарды ректорлар мен директорларға қою керек «, — деді С. Қаракөзова.

Баспасөз хатшысы хабарлағанындай, Төлеби ауданында және Маятас ауылында жағдай бір қалыпты.»Онда 100- ге тарта полиция қызметкері бар. Барлық қызметтер жұмыс орындарына оралды. Көріп жүргеніңіздей, жол полициясы қайтадан қаладағы қызметін атқаруда. Сондықтан бәрі тыныш», — деп ойын қорытындылады С. Қаракөзова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті