Президенттің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында 27 мыңға жуық адамның құжаттары қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында 27 мыңға жуық адамның құжаттары қаралды

Президенттің жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында 27 мыңға жуық адамның құжаттары қаралды

Астана. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен бүгін Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі Комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

  • 13 Желтоқсан 2007
  • 396
Фото - Caravan.kz

Отырыста Қазақстан азаматтығын алуға тілек білдірген 27 мыңға жуық адамның құжаттары қаралды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар президент тиісті жарлыққа қол қойған соң Қазақстанның жаңа азаматтары болып танылады.

«Бүгінгі отырыстың Қазақстан тәуелсіздігінің 16 жылдығы қарсаңында өтіп отырғаны жақсы нышан. Әлемнің түрлі мемлекеттерінен біздің еліміздің азаматтары болуға ұмтылған адамдар саны артып келеді. Бұл — біздің мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының тұрақты әрі қарқынды арнаға түсуінің жарқын көрінісі. Қазақстанды әлем елдерінің танып, бағалауы, мойындап, құрметтеуі біздің Отанымызда тәуелсіздік жылдарында атқарылған жасампаз істердің нәтижесі. Бүгінде Қазақстан Орталық Азия аймағында жетекші мемлекетке, әлемдік қауымдастықта лайықты және сенімді әріптеске айналды. Біз Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның жаңа азаматтарына «қош келдіңіздер» деп қуанышпен айтамыз. Біз олардың еліміздің лайықты азаматтар атанып, Қазақстанның одан әрі дамуына өз үлестерін қосатынына сенеміз», — деп мәлімдеді Қ.Саудабаев отырыс барысында.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан бері жарты миллионнан астам адам еліміздің азаматтығын алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті