Мемлекеттік туризм агенттігі мен мәдениет министрлігі қырғызстандықтарды «2008 жылды Санта-Клаус жылы деп жария ету бастамасын және дүниежүзіне Санта-Клаус — Аяз-Ата, Чолпон-Ата және Қыдыр-Ата сияқты ертегі кейіпкерлерімен қатар тұратын біздің отандасымыз екендігін дәлелдеуді қолдауға» шақырды», — деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
Осыған байланысты келер жылы «Санта-Клаустардың бүкіләлемдік конгрессін өткізу, Ферғана шыңына шығып, атауы жоқ тауға «Санта-Клаус шыңы» атауын беру, сонымен қатар жаңа дәстүр — Санта-Клаустың рождестволық стартын құрып, салтанатқа дүниежүзінің саяси көшбасшыларын, қоғам қайраткерлерін, өнер жұлдыздары мен БҰҰ ерікті елшілерін шақыру жоспарлануда, деп хабарлады мемлекеттік туризм агенттігіндегілер.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, республикада сондай-ақ Санта-Клаустар арасында әлем чемпионаттарын жүргізіп, рождестволық апталық ұйымдастыру жоспарлануда. Чемпионат аясындағы жүргізілуі мүмкін жарыстардың бірі — түтіндікпен өрмелеп шығу.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті