«$105 мың мөлшерінде пара алған ҚР ІІМ басқармасының бұрынғы бастығы М.Сыдықов, оның жандайшаптары А. Попов пен И. Степанов, сондай-ақ, ҚР премьер-министрі кеңсесінің бұрынғы қызметкері Н. Какиевке қатысты шығарылған сот үкімдері заңды күшіне енді», — деді Б. Дембаев.
«Олар бизнесмен Усатов және «Қарағанды нан» компаниясы қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтату үшін ақша бопсалап, пара алмақшы болған.
Прокурор орынбасарының мәліметтері бойынша, Сыдықов 9 жылға бас бостандығынан айырылса, Какиев, Попов және Степанов 8 жылға сотталды.
«Сот шешімімен олардың мүлкі тәркіленеді», — деді Б. Дембаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті