Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «екі елдің халқы арасындағы достық және мәдени байланыстарды нығайту және Түркияның бірінші президентінің есімін есте сақтау мақсатында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының үкіметіне танымал мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Кемал Ататүрікке Қазақстанда ескерткіш орнатуды тапсырды».
«Президенттер алдағы жылдары Қазақстанның Түркиядағы мәдени күндерін, содан кейін Түркияның Қазақстандағы мәдени күндерін өткізу туралы ойларын айтты», — деп мәлімет берді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, «Түркия президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Түркия үкіметтері арасында ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық бағдарламасына, сондай-ақ, 2008 — 2009 жылдарға арналған осы бағдарламаны жүзеге асыру шараларының жоспарына қол қойылды», — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті