Назарбаев қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге асықпауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Назарбаев қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге асықпауды ұсынды

Назарбаев қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіруге асықпауды ұсынды

Астана. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру ісінде асықпауды ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысы Түркия президенті Абдулла Гүлмен өткен келіссөздердің соңында болған баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Біздің әліпбиімізді латынға көшіру жөніне келер болсақ, бұл жеңіл жұмыс емес. Қазір бұл бірінші кезектегі міндет болып табылмайды және біздің бұл істе асығуымыздың қажеттілігі жоқ», — деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

«Біз өте қырағы болуымыз керек. Оның үстіне, Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тұрады», — деді президент. «Бізге керегі еліміздегі тұрақтылық пен тыныштық», — деді ол.

«Біздің әліпби ауыстыруға қашан дайын боларымыз белгісіз. Бұған уақыт керек», — деп сөзін қорытындылады мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті