ШҚО мұнай өнімдері нарығында монополизация жасау талпыныстары байқалады - облыс әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО мұнай өнімдері нарығында монополизация жасау талпыныстары байқалады - облыс әкімі

ШҚО мұнай өнімдері нарығында монополизация жасау талпыныстары байқалады - облыс әкімі

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында мұнай өнімдері нарығында монополизация жасау талпыныстары байқалады. Мұндай пікірді бүгін үкіметтің селекторлық жиналысы барысында ШҚО әкімі Жәнібек Кәрібжанов білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 461
Фото - Caravan.kz

«Біздің облыс территориясына мұнай өнімдерін сегіз ірі жабдықтаушы жеткізеді, ал енді бұл нарықта монополия орнату талпыныстары байқалады «, — деді Ж. Кәрібжанов.

«Әрине, бұл бағаларға да әсер бермей қоймайды «, — деп атап өтті ол.

«Меніңше, мұндайды монополияға қарсы күрес комитеті қолға алуы керек немесе мұнай өнімдері сауда биржалары арқылы сатылып, көтерме сатып алушылар қажетті ЖЖМ көлемін нарықтық механизмдер арқылы алатын жағдайы болуы керек», — деді ШҚО әкімі.

Ал, ҚР премьер-министр Кәрім Мәсімов айтқанындай, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және ЖЖМ нарығында туындаған мәселелерге арналған жиналыс 19 желтоқсан күні үкіметте өткізіледі. «Бұл мәселені алдағы жиналыс кезенде талқылауға болады», — деді ол ШҚО әкіміне қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті