ҚТЖ желтоқсанда бір миллионан астам тонна астық экспортын қамтамасыз етпекші - Күлекеев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚТЖ желтоқсанда бір миллионан астам тонна астық экспортын қамтамасыз етпекші - Күлекеев

ҚТЖ желтоқсанда бір миллионан астам тонна астық экспортын қамтамасыз етпекші - Күлекеев

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың желтоқсан айында "Қазақстан Темір Жолы" ҰК бір миллионан астам тонна астық экспортын қамтамасыз етпекші. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында "Қазақстан Темір Жолы" ҰК"АҚ-ның президенті Жақсыбек Күлекеев мәлімдеді.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Осы айда вагондар бар, олар жақсы келіп жатыр, желтоқсан айында бір миллионан астам тонна астық экспортын қамтамасыз ете аламыз», — деді Ж. Күлекеев.

Ол өткен айда қазақстандық темір жолшылар «украина бағыты жабық болғандықтан, ештеңе де жөнелте алмағанын» еске салды. «бізге украиналықтар рұқсат бермегендіктен, ештеңе жібере алғамыз жоқ», — деді ҚТЖ басшысы.

«Осы айда біздің жоспарымыз мынадай: Украина бізге күніне 330 вагон, Балтық жағалауы күн сайын шамамен 120 вагон береді. Бірақ біз осы бағытта 500 -ден астам вагонды жібере аламыз», — деді Ж. Күлекеев.

Өз кезегінде республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚТЖ басшысына еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімовпен бірлесіп Қазақстан астығын экспортқа шығару мәселесін ұдайы бақылауда ұстау қажетігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті