«Астанада бірсыпыра кешендік шаралар өткізу нәтижесінде тұтыну бағалары мен қызмет көрсету индексі қазан айында 102,1% құрады. Бұл басқа аймақтармен салыстырғанда төменгі көрсеткіштердің бірі болды. Қарашада ол 102,6% жетіп, республика көрсеткіштерімен салыстырғанда төмендеді. Ал Қазақстан бойынша 5-8 орын аралығында орын алды», — деп хабарлады Б. Смағұлов.
«Біз Ақмола облысымен бірлесе отырып, тұрақты түрде апталық азық-түлік жәрмеңкелерін өткізіп тұрдық. Оған Ақмола облысының 7 ауданынан 100 ауыл шаруашылық өнім шығарусы қатысты», — деп толықтырды ол.
Қала әкімі орынбасарының сөздері бойынша, «жәрмеңкеде бір өнімнің құны нарықтағы бағадан 20 — 30% төмен болғандықтан, ол жалпы нарықтағы бағаға әсерін тигізді».
«Астанада алыпсатарлардың қолдан жасалатын тауар тапшылығын алдын алу үшін, арнайы сауда ұйымы құрылып, оған тұрақты азық-түлік қорын толықтырып отыру үшін қаржы бөлінді. Іс жүзінде бүгінде барлық өнімдердің бір айлық қоры жасалды», — деп атап өтті Б. Смағұлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті