ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру компаниясы пайдалы қазба өндіруге салық салу бастамасына қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру компаниясы пайдалы қазба өндіруге салық салу бастамасына қарсы

ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру компаниясы пайдалы қазба өндіруге салық салу бастамасына қарсы

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру" компаниясы ренталық салықтың орнына пайдалы қазба өндіруге салық салу бастамасына қарсы, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 687
Фото - Caravan.kz

«ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру»АҚ бас директоры Асқар Балжанов журналистерге берген сұхбатында : «мен бұл бастамаға кері баға беремін», -деді.

«Меніңше, адамдар алдымен мәселенің байыбына барып алуы керек. Қазақстанда бүгінде жер қойнауын пайдаланушылардың жүздеген келісім-шарттары бар, олардың әрқайсысында өзіндік салық режимі, өзіндік фискалдық режимі бар», -деді ол.

А. Балжанов ренталық салықтың орнына пайдалы қазба өндіруге салық салу бастамасын Қаржы министрлігінің өкілдері ортаға салғанын айтты.

«Менің пайымдауымше, Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі секілді мемлекеттік органдарда істейтін мемлекеттік тұлғалар мәселенің байыбына баруы керек. Ресейдің тәжірибесін көзсіздікпен көшіруге болмайды», — деді А. Балжанов.

Оның айтуынша, «Ресей мен Қазақстандағы мұнайшылар үшінгі салық режимі мүлдем өзгеше». Атап айтсақ, «Ресейде мұнайшылар үшін «үстеме пайдаға салынатын салық» деген ұғым жоқ, ал ол біздің елімізде табысты қолданылып келеді, оның ставкасы 60%-ға жетеді».

«меніңше, мәселені егж-ей-тегжейлі шешіп алу керек, өйткені, менің білуімше, көптеген ірі жобаларда жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалану жөніндегі ірі жобаларда экспорттық баж салығы ставкаларының өзгеруінен қорғалған. Әрбір жер қойнауын пайдаланушыға дербес көзқарас ұстанып, бәрін жан-жақты зерттеп алып барып қандайбір жалпылама тұжырым жасау керек», — деп мәлімдеді А. Балжанов.

«Іс жүзінде мен мемлекеттің әлемдік нарықта мұнай бағасының күрт көтерілуіне байланысты қосымша пайда тапқысы келіп отырғанын мен түсінемін. Бірақ жүктеме нысаналы әрі регламенттелген және әр компания үшін әртүрлі болуға тиіс», — деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Қаржы министрлігі ренттік салықтың орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық салуды ұсынады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Дәулет Ерғожин журналистерге берген сұхбатында құлағдар етті.

«Біз Салық кодексіне кезекті өзгертулерді енгізу арқылы республиканы оған тиесілі шикізат базасынан түсетін тұрақты кіріспен қамтамасыз етуді ұсынып отырмыз», -деді Д. Ерғожин.

«Біз тиісті өзгерістердің жобасын жасадық. Ол бойынша соңғы есептерді аяқтап келеміз. Ағымдағы айда біз оны үкіметтің қаруына ұсынамыз деп ойлаймын, ал келесі жылдың бірінші тоқсанында ол парламенттің талқысына түседі»,- деді вице-министр.

Оның түсіндіруінше, әңгіме ренттік салықтың орнына пайдалы қазбаларды өндіруге салық салу жайында болып отыр. «Қазіргі таңда жалпы салықтардың арасынан ренттік салық пен роялти секілді салықтардың іс жүзінде төленбей отырғанын айтып отырмыз», — деді Д. Ерғожин.

«Бұл жұмыс істемейтін салық, ол солай конструкцияланды. Ниет жақсы болғанымен, іс жүзінде керісінше болып шықты», — деді вице-министр.

«Кез-келген экономикадағыдай біз ренттік пайда табуға тиіспіз. Ал қазіргі минералдық шикізатқа әлемдік бағаның өсуі жағдайында біз оны ең жоғары деңгейде табуға тиіспіз»,- деп санайды вице-министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті