ҚР Жоғарғы сотының төрағасы сот жүйесі қызметкерлеріне сыйлықтар табыс етті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Жоғарғы сотының төрағасы сот жүйесі қызметкерлеріне сыйлықтар табыс етті

ҚР Жоғарғы сотының төрағасы сот жүйесі қызметкерлеріне сыйлықтар табыс етті

Астана. 14 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми еліміздің сот жүйесі қызметкерлері мен судьяларына мемлекеттік сыйлықтарды табыс етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 866
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысы Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар судьяларды және тағы да осы құжатқа сәйкес алғаш рет сот жүйесінің бірқатар қызметкерлері- сот үкімін атқарушылар мен аудандық сот әкімшілігінің мамандарын марапаттау туралы жарлыққа қол қойды», — деді Қ. Мәми.

Президенттің жарлығымен «Құрмет» орденімен Астана қалалық сотының төрағасы Сайлаубек Жәкішев, Алматы қалалық ссотының судьясы Қания Хайруллина және Сот әкімшілігі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Ирак Елекеев марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалімен Ақтөбе облыстық соттар әкімшілігі Әйтеке би аудандық учаскесінің аға сот атқарушысы Роза Жетіруова, Жамбыл облысы соттар әкімшілігі Шу аудандық учаскесінің бас маманы Мария Оспанова, Маңғыстау облыстық соттар әкімшілігі Қарақия аудандық сотының маманы Зейнеп Төртқұлбайқызы мен батыс Қазақстан облыстық Зеленов аудандық учаскесінің сот атқарушысы Сергей Чингаров марапатталды.

«Ел басшылығы жүргізіп отырған сындарлы саясат экономиканың қарқынды өсуін, құқықтық демократиялық дамуды, қоғамды топтастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Оның айқын дәлелі — Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төраға болып сайнануы. Бұл шешім еліміздің беделі мен абыройының халықаралық сахнада өсе түскенін, еліміздегі демократиялық өзгерістерді мойындау болып табылады», — деді Қ. Мәми.

Тәуелсіздік күні қарсаңында сондай-ақ, соттардың іс-қызметі туралы кәсіби әрі обьективті ақпарат таратуға, отанымызда әділеттілікті одан әрі бекіте түсуді насихаттауға және соттардың беделін көтеруге үлес қосқан бірқатар БАҚ өкілдері де марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті