Арал өңірінде жетім балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Арал өңірінде жетім балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі

Арал өңірінде жетім балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі

Қызылорда. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында 17-желтоқсаннан бастап балалар құқығын қорғау департаментінің бастамасымен жаңа жыл қарсаңында жетім балаларға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне балалардың құқығын қорғау департаментінің директоры Арман Қаржаубаев хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 999
Фото - Caravan.kz

А. Қаржаубаевтың айтуынша, жаңа жыл алдындағы онкүндікте қайырымдылық концерттері мен қуыршақ көріністері, тұрмысы төмен отбасыларының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар тарату және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Іс-шараның мақсаты — қоғам назарын балалардың проблемаларына, өскелең ұрпақтың рухани және адамгершілік тұрғыдан тәрбие алуына аудару болып табылады»,- деп хабарлады А. Қаржаубаев.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде Қызылорда облысында ата ананың қамқорлығынан айырылған 1,5 мыңға жуық жетім бала, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі 2,5 мың бала бар. Жоспарланып отырған іс-шараны өткізу үшін «Сыр болашағы» корпоративті балалар қорының арнайы есепшоты ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті