Балалар ВИЧ індетін Оңтүстік Қазақстан облысында індет өршіп тұрған кезде 2006 жылдың ақпаны мен қазаны аралығында жұқтыруы мүмкін - мамандар - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Балалар ВИЧ індетін Оңтүстік Қазақстан облысында індет өршіп тұрған кезде 2006 жылдың ақпаны мен қазаны аралығында жұқтыруы мүмкін - мамандар

Балалар ВИЧ індетін Оңтүстік Қазақстан облысында індет өршіп тұрған кезде 2006 жылдың ақпаны мен қазаны аралығында жұқтыруы мүмкін - мамандар

Алматы. 14-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Балалар ВИЧ індетін Оңтүстік Қазақстан облысында індет өршіп тұрған кезде 2006 жылдың ақпаны мен қазаны аралығында жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Республикалық СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығының бас директоры Марьям Хасенова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 14 Желтоқсан 2007
  • 484
Фото - Caravan.kz

«Жүргізілген зерттеу ВИЧ індетін жұқтырған балалардың ішінде 2006 жылдың 1-қазанынан кейін туған бала жоқ екендігін көрсетіп отыр. Сонымен қатар, ВИЧ індетін жұқтырғандардан барлық бала кеселді індет өршіп тұрған кезеңде — 2006 жылдың ақпан айынан қазан айы аралығында жұқтыруы мүмкін»,- деді М. Хасенова.

Ол сондай-ақ, соңғы 12 ай ішінде бірнеше рет тестлеуден өткен балалар арасындағы скрининг нәтижесіне сүйенсек, Қазақстанда екінші бақылау тестісі біріншісін растамаған ауруханаға жатқызылған бір де бір бала жоқ, деп атап өтті. Оның айтуынша, ВИЧ індетінің ошағын 2006 жылдың соңында бақылауға алу мүмкін болды. «Біз өршіп тұрған індеттің таратылмауы, оның шегінің анықталғандығын, осы кезеңде зардап шеккен балалар жасының анықталғандығы туралы айта аламыз».

«Тек ВИЧ індетін жұқтырды деген диагноз қойылған балаларды ғана емес, сондай-ақ індетті жұқтырмаған балаларды да тексергеннен кейін, олардың барлығы мәліметтер базасына енгізілді. Індетті жұқтыруы мүмкін жағдайлардың барлығы тексерілді.

Сөйтіп, біз 2006 жылдың 1-қарашасынан кейін індетті жұқтыруға қатысты бір де бір жаңа оқиға тіркелмегендігін тағы бір рет растаймыз»,- деп хабарлады CDC директоры Михаил Фаворов. Оның айтуынша, ВИЧ індетін жұқтырған балалар әлі де анықталуы мүмкін. Бірақ, бұл балалар індетті 2006 жылдың қарашасына дейін жұқтырғандар, деп жалғады ол өз сөзін.

Республикалық СПИД-пен күрес және оның алдын алу орталығының ақпараттарына сүйенсек, ВИЧ індетін жұқтырғандарды анықтау үшін барлық белсенді іздеу жұмыстары жүргізіліп, ВИЧ індетін жұқтырған балалармен қатар емделеген 26 мыңға жуық балаға тексеру жүргізілген.

Үстіміздегі жылдың 1-желтоқсанында Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған 143 бала анықталған. Атап айтқанда індетті олардың 85-і 2006 жылы, 58-і үстіміздегі жылы анықталған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті