«Бүгінде елдердің бәрінде бірдей тарихи отанына оралуға ниет білдірген отандастарын қолдаудың арнаулы бағдарламасы жоқ», — деді президент.
«Қазақстан оралмандарды қолдау саясатын одан әрі жалғастырады», — деді ол.
Н. Назарбаевтың айтуынша, қазіргі жағдаймен Қазақстанға 1 млн астам репатриант оралды. Соның ішінде 650 мың отандасымыз мемлекеттің қолдауымен көшіп келді. «Біз Қазақстанға өз бетімен келуге ниеті барларды қолдаймыз», -деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, жыл сайын оралмандарды көшіріп алу мен әлеуметтік қорғауға мемлекет 11 млрд теңге бөліп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті