«Жалпы алғанда қазір 20 мыңнан астам жас қазақстандық шетелдерде оқып жүр. Олар Қазақстанның келешек мамандар әлеуетінің арқау негізін құрайтын болады», — деді Н. Назарбаев.
Ол мемлекетіміздің «болашақ мамандар әлеуті үшін ерте бастан алаңдай бастағанын, 90-шы жылдардағы қиындыққа қарамастан, президенттің бастамасымен «Болашақ» бағдарламасы жасалғанын» атап өтті. «Қазір осы бағдарламаның аясында жыл сайын 3000 жас әлемнің ең таңдаулы университеттерінде оқып жатыр, олардың бір жарым-екі мыңы кері оралып, ел экономикасына араласып кетті, қазір олар келешек және қазіргі мамандардың алтын діңгегін құрауда», — деді президент.
«Ата-аналардың басым бөлігі балаларын таңдаулы университеттерге өз беттерімен жіберіп жатқанын атап өту керек. Бұл олардың өз капиталын дұрыс жұмсауы. Кімнің қолынан келсе — бұл соның ісі», — деді ол. «Дегенмен, тек шетелге ғана жібермеу үшін еліміздің өзінде де біртіндеп осы деңгейде оқыту қажет, мен Астанада ғылыми-білім беру кешенін, жаңа университет салуға тапсырма бердім, онда әлемдік деңгейдегі білім беру мекемесі мен ғылыми-зерттеу орталығының біте қайнасқан ошағы бой көтереді», — деді мемлекет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті