Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 желтоқсанда Қарағандыда Қарағанды-Теміртау тас жолының бірінші шақырымында «МАН» жүк көлігінің жүргізушісі «Ниссан» автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан шетелдік көліктің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.
Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында Өскемен-Алматы тас жолының 70-ші шақырымында «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі «Шевролет» автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, оның 2 жолаушысы мен «Шевролет» автокөлігінің 2 жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті