Қырғызстанның Жоғарғы соты парламент сайлауына қатысқан партиялар үшін аймақтық жарты пайыздық шектеуді алып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Жоғарғы соты парламент сайлауына қатысқан партиялар үшін аймақтық жарты пайыздық шектеуді алып тастады

Қырғызстанның Жоғарғы соты парламент сайлауына қатысқан партиялар үшін аймақтық жарты пайыздық шектеуді алып тастады

Бішкек. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Жоғарғы соты парламент сайлауына қатысқан партиялар үшін аймақтық жарты пайыздық шектеуді алып тастады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Жоғарғы сотына сілтеме жасай отырып.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Жалпы республикалық сайлаушылар тізімінен есептелетін аймақтық 0,5 % шектеуді жоюға «Ақ Жол» халықтық партиясы сот арқылы қол жеткізді. Сайлау туралы кодекстің осы нормасы бойынша Бішкектің ауданаралық және қалалық соттарында дауласты. Алайда, екі сот та «Ақ Жолдың» айғақтарын жеткіліксіз санап, арызды қанағаттандырудан бас тартты», — деп атап көрсетті Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

Бірақ, соған қарамастан, баспасөз қызметі атап көрсеткендей, Жоғарғы соттың экономикалық істер жөніндегі сот алқасы кеше бұрынғыдан мүлдем өзгеше шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетсек, құрылуына Қырғызстан Республикасының президенті Құрманбек Бакиев негіз болған «Ақ Жол» партиясы осы парламент сайлауының нәтижесі бойынша жеңімпаз болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті