Бакуде 19-20 желтоқсанда Әзербайжан мен Ресейдің мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының отырысы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бакуде 19-20 желтоқсанда Әзербайжан мен Ресейдің мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының отырысы өтеді

Бакуде 19-20 желтоқсанда Әзербайжан мен Ресейдің мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының отырысы өтеді

Баку. 19-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Әзербайжан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының кезекті отырысы Бакуде 19-20 желтоқсанда өтеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Желтоқсан 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

«Комиссия отырысы Әзербайжанның сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов пен Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар жөніндегі елшісі Александр Яковенконың жетекшілігімен өтеді», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сүйенсек, комиссияның соңғы отырысы 2007 жылдың 11-12 шілдесі күндері Махачкалада өткен.

Баспасөз қызметі түсіндіргендей, қазіргі күні екі ел арасында Әзербайжан-Ресей шекарасындағы үш аумақ келісілмеген қалпы қалып отыр. Біріншісі — Әзербайжан Республикасының Балакен ауданында, Әзербайжан, Ресей және Грузия мемлекеттерінің шекараларының түйіскен жерінде орналасса, екіншісі — Әзербайжанның Гусар ауданында Самур өзенінің аңғарында орналасқан. Ал үшіншісі — орманды Хачмаз ауданында орналасқан.

Әзербайжан-Ресей шекарасының жалпы ұзындығы 370 шақырымды құрайды. Қазіргі кезде шекараның 90-95 пайызы келісілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті